ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ БЮРОСЫ

Біз туралы

Экологиялық жобалау бюросы 2007 жылы құрылды. Біз инженерлік және экологиялық кеңес беру саласындағы сарапшылар командасы ретінде жұмыс істейміз және клиенттерімізге қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемаларды шешуге тиімді кеңестер ұсынамыз. Барлық қызметкерлердің инженерлік білім және қоршаған ортаны қорғау саласында 10 жылдан астам уақыт бойы арнайы жұмыс тәжірибесі бар. 

Жобалық топ жетекшісінің біліктілігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің экологиялық аудит және экологиялық жобалауды жүзеге асыруға арналған лицензиясымен расталған. Жобалық-экологиялық қызметке сұранысты ескере отырып, сондай-ақ Қазақстандағы компанияның тәжірибесі ескеріп, 2015 жылы бюроның қызметін республиканың шекарасынан тыс жерлерге кеңейту туралы шешім қабылданды. Сол жылы Новосибирск қаласында Ресей Федерациясының аумағында жұмыс істейтін « Экологиялық жобалау бюросы» ЖШС тіркелді.

Біздің қызметтеріміз

Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік шешімдер

Шетелдік экологиялық технологиялар мен жобаларды Қазақстан Республикасы талаптарына бейімдеу

Экологиялық аудиттер жүргізу 

Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша кеңестер 

Қоршаған ортаға әсер етудң бағалауды орындау 

Компанияның беделін қалыптастыру

Парниктік газдар шығарындыларын басқару (түгендеу, мониторинг, азайту жөніндегі шараларды әзірлеу)

Кәсіпорынның экологиялық менеджментінің барлық аспектілері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу (әлеуметтік-экологиялық бағалауды қоса алғанда)

БІЗДІҢ ЖОБАЛАРЫМЫЗ

МЕЛИССА

Төмен қабатты ғимараттар мен құрылыстар салу, ағаш өңдеу, ағаш дайындау

OSB ПЛИТАЛАРЫН ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЦЕХ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде жаңа өндіріст қауіпті санаттың 2 қауіптілік категориясының орнына 3 санаттағы категорияға тағайындалды. 

Нәтижесінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге шығындар, уәкілетті органдардың тексерулер жиілігі және нормативтік төлемдер азайды. 

Қорытындылардың дұрыстығын, санитарлық қорғау аймағының шекарасында бір жылдық байқау циклы бекітті.

«ТАРБАҒАТАЙ МУНАЙ» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысының аумағында мұнай мен газды барлау және өндіру

МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫ, БІРЛЕСКЕН ӨНДІРІСТІК ГАЗ ҚҰБЫРЫ, ГАЗ ДАЙЫНДАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ, САРЫБҰЛАҚ КЕН ОРНЫНЫҢ ЭЛЕКТР БЕРУ ЖЕЛІСІ МЕН КІРМЕ ЖОЛДАРЫ ҮШІН САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының көлемі (СҚА) негізделген, СҚА-ны қысқарту жолдары ұсынылған.

Нәтиже — компания СҚА пайдалану үшін жер салығы бойынша жыл сайынғы төлемдерді төмендетуге себеп алды.

ALTYN MM

Тау-кен және металлургиялық концерн

ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Кәсіпорынның жер үсті суларына, топыраққа, атмосфераға әсерін бақылау процесі ұйымдастырылып, төгінділерді бақылау жүргізілді. 

Жұмыстың қорытындысы бойынша компанияның басшылығы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басым іс-шаралар тізімі жасалды. Жұмысқа 5 аккредиттелген зертхана мамандары тартылды.

ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ

Уран, бериллий, тантал және ниобий өндірісі

МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

Аудиттің қорытындысында қоршаған ортаға өндірістің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша құжаттаманың сенімділігі және есеп берудің сенімділігі туралы қорытындылар жасалды.

КАЗФОСФАТ

Құрамында фосфор бар өнім өндіру

ЖЕРДІ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ, ЖАБДЫҚТЫ БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ЖОЮҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Таңдалған қалпына келтіру жұмыстарының негіздемесі жүзеге асырылады, жою компонеттерінің шығындары анықталды, түзетуден бұрын және кейінгі мониторинг ұсынымдары берілді, жұмысты орындау үшін жиынтық шығын сметасы ұсынылды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІДІГІ

 ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІНІҢБӨЛІГІ РЕТІНДЕ АЛДЫН АЛА ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ»

Жинақталған коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізілді. 

Тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділерінің бақылау мониторингісі туралы сұрақтар қарастырылып, оңтайлы бақыланбалы компоненттер туралы және зертханаларды заманауи қосымша жабдықтармен жабдықтау туралы ұсыныстар берілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР:

Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.

Ресей Федерациясы
Новосибирск қ.

+7(705)5006901

+7(913)2058101

ukfilial@mail.ru

pro-ecology@mail.ru

Закрыть меню